• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №798

304 рет
көрсетілді

2015 жылғы 28 қыркүйек,  Астана, Үкімет Үйі «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №2, 24-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесінде: 4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институтының өкілдері, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) басшылары санынан қалыптасады.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.